Выйти
RU

Песковтың жарынан да коронавирус инфекциясы анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Танымал ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын хабарлады. Бұған дейін СOVID-19 вирусы оның жолдасы Дмитрий Песковтан анықталған болатын. Спортшының күйеуі Ресей басшысы Владимир Путиннің баспасөз хатшысы болып қызмет етеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Татьяна Навка. Фото: Instagram / tatiana_navka

Татьяна Навка. Фото: Instagram / tatiana_navka

Путиннің баспасөз хатшысының жары бүгінде жолдасы екеуі ауруханада медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында жатқанын жеткізді.

Белгілі спортшы дене қызуы жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы Daily Storm басылымы хабарлады.

«Бәрі жақсы, емделіп жатырмыз», - дедіНавка.

Татьяна Навка отбасының өзге мүшелеріне қауіп төнбес үшін күйеуі екеуін дереу емханаға оқшауландырғанын айтты. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаушы жанұясы оқшаулау ережелерін қатаң түрде сақтағанын атап өтті.

Спортшы жолдасы үздіксіз жұмыс істегенін жоққа шығармады. Сол себепті, коронавирусты үйге отағасы алып келген болу керек деп болжады.

Оған қоса, Песковтың қызы Елизавета әкесін соңғы рет бір апта бұрын көргенін айтты.

Ол денсаулығы жақсы екенін хабарлап, ата-анасы үшін аса қатты алаңдаулы екенін жасырмады. Елизавета енді коронавирустың бар екеніне ешкім күмәнданбайтын шығар деген үміт білдірді деп жазады Gazeta.ru бсылымы.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Еске сала кетейік, Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан коронавирус анықталды. Ол Путинмен соңғы рет бір айдан астам уақыт бұрын кездескен болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Песковтың жарынан да коронавирус инфекциясы анықталды
Mailfire view pixel