Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды

Опубликовано:

Бүгін Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды. Қаралы хабарды федерацияның баспасөз қызметі жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Тұрлыханов. Фото: Спорттық жекпе-жек конфедерациясының баспасөз қызметі
Қайрат Тұрлыханов. Фото: Спорттық жекпе-жек конфедерациясының баспасөз қызметі: Instagram

Қайрат Тұрлыханов 60 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстанның ауыр атлетикасы федерациясының ресми сайтында хабарланды.

"Бүгін ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті, Азия ауыр атлетика федерацияның атқарушы комитетінің мүшесі, танымал қоғам қайраткері Қайрат Тұрлыханов өмірден озды.
Ауыр атлетика федерациясы Қайрат Болатұлының отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Бұл орны толмас қайғы" , - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Қайрат Тұрлыханов елімізде аса танымал спортшы, Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері Дәулет Тұрлыхановтың ағасы болып табылады.

Отандық ауыр атлетика спортына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерінің неден қайтыс болғаны әзірге хабарланған жоқ.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Қайрат Тұрлыхановтың жанұясы мен жақындарына көңіл айтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855469-kajrat-trlyhanov-kajtys-boldy/

pixel