Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бас санитар дәрігері карантинді жеңілдетудің үш кезеңін атады

Опубликовано:

Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова шектеу шаралары қандай жағдайда босаңсыйтынын түсіндіріп берді. Оның сөзінше, карантинді жеңілдету үш кезеңнен тұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Фото: ОКҚ
Фото: ОКҚ: UGC

Айжан Есмағамбетова бірінші кезекте коронавирустың тіркелуі басты назарға алынатынын жеткізді.

Мысалы, наурыз айында оның өсу көрсеткіші 150 пайызға жетсе, қазіргі уақытта орташа екі пайыздың төңірегінде.

Соңғы бір аптада бес пайыздық межеден аспағаны белгілі болды.

Есмағамбетованың мәліметінше, егер осы бір аптада ауырғандар жеті пайыздан аспаса, онда карантиннің бірінші кезеңінен өтеміз.

Екінші кезеңнен өтудің талабы – Covid-19 жұқтырғандардың көрсеткіші бес пайыздан аспауы тиіс.

"Карантинді жеңілдетудің үшінші кезеңі ауырғандардың көрсеткіші екі пайыздан аспаған жағдайда күшіне енеді. Әзірге карантиндік шаралар сол күйінде сақталып тұр. Бәрі аурудың беті бері қайтқанына байланысты. Дегенмен қазірдің өзінде көптеген мекемелер жұмысын жандандырды. Бәрі де санитарлық талапты сақтауға міндетті", - дейді еліміздің бас санитар дәрігері.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске салайық, 11 мамырда, елде төтенше жағдай режимі аяқталды. Дегенмен мегаполистерде, сондай-ақ өзге де аймақтарда карантин шаралары сақталып қалды.

Ал оның шамамен қашан алынатыны жайлы мына жерден оқыңыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855491-bas-sanitar-karantindi-zeildetudi-s-kezein-ajtyp-berdi/

pixel