Выйти
RU

Маңғыстауда коронавирус тараған ауылдың әкімі қызметінен кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тұрғыны көп ауылдың әкімі қызметінен кеттi деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Хабар 24

Видеодан кадр/Хабар 24

Телеарна дерегінше, Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылында соңғы он күнде COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 23 жағдайы тіркелген.

Вирус ең алдымен көп адамды жиып, ас берген үйден анықталған көрінеді. Кейіннен сол жиында болған біраз адамға инфекция жұққаны белгілі болған.

Осыдан кейін ауылда карантин ережесін сақтауды қамтамасыз етпегені үшін облыс басшысының шешімімен ауыл әкімі қызметінен босатылған.

Ал Қарақия ауданының әкіміне сөгіс жарияланған.

Қазіргі уақытта ауылдың кіре берісіне блок-посттар қойылып, күзет күшейтілген.

Жалпы, Маңғыстау облысында бүгінге күнге дейін COVID-19 жұқтырған 130 адам тіркелген.

Өңірде коронавирус көп тараған аудандар арасында Бейнеу мен Қарақия көш бастап тұр. Бейнеу ауданында 37 тұрғыннан КВИ анықталған. Арасында қоғамдық жұмыс өкілдері мен дәрігерлер де бар.

Қазір бұл қос ауданда карантин режимі күшейтілген. Отбасылық жиын жасауға қатаң тыйым салынған.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында карантин мамырдың 25-не дейін ұзартылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстауда коронавирус тараған ауылдың әкімі қызметінен кетті