Выйти
RU

Исламхан БАӘ чемпионатындағы ең қымбат 10 футболшының бірі атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Alkhaleejtoday.co сайты Біріккен Араба әмірліктері чемпионатындағы ең қымбат 25 футболшының тізімін ұсынды. Рейтингке Қазақстан құрамасының капитаны, Тараз футбол мектебінің түлегі, алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Бауыржан Исламхан да енген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: "Аль-Айн" клубының Instagram желісіндегі парақшасы

Фото: "Аль-Айн" клубының Instagram желісіндегі парақшасы

Басылым мәліметінше, "Аль-Айн" клубында өнер көрсететін отандасымыз тізімде 9-орынды өзінің командалық әріптесі Коджо Лабоймен, сонымен қатар "Шарджидің" жартылай қорғаушысы Лукас Кайомен бөлісіп тұр.

Аталған ойыншылардың нарықтағы бағасы – 2,4 миллион еуроны құрайды.

Ал көшбасын трансферлік құны 4,8 млн еуро болатын "Шарджидің" бразилиялық футболшысы Игор Коронадо бастаған.

Еске сала кетсек, Бауыржан Исламхан 31 қаңтар күні Біріккен Араб әмірліктерінің "Аль-Айн" клубына ауысты. Ол клубпен келісімшартқа 2020 жылдың 30 маусымына дейін отырған.

Исламхан жаңа командасы сапында 10 матч өткізіп, 1 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды. 19 турдан кейін "Аль-Айн" БАӘ чемпионатында екінші орында тұр.

Айта кетейік, осыған дейін Бауыржан Исламхан "Аль-Айн" клубына не үшін ауысқанын түсіндірген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Исламхан БАӘ чемпионатындағы ең қымбат 10 футболшының бірі атанды