Выйти
RU

500 мың доллар: Гэтжиден жеңілген Фергюсон қарсыласынан көп гонорар алған (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

UFC 249 турниріне қатысқан спортшылардың қанша гонорар алғаны белгілі болды. Бұл туралы мәліметті журналист Джед Гудман Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Getty Images/Douglas P. DeFelice / Stringer

Фото: Getty Images/Douglas P. DeFelice / Stringer

Турнирдің басты қатысушылары Тони Фергюсон 500 мың доллар, ал оның қарсыласы Джастин Гэтжи 350 мың доллар алған. Америкалық спортшы жеңілгеніне қарамастан көп қаржы тапқаны белгілі болды.

Жарыс кезінде Доминик Крустан айласын асырған Генри Сехудо 350 мың долларға кенелді. Оның қарсыласы 50 мың еуро кем алған.

Ал Фабрисиу Вердумді жеңген ресейлік Алексей Олейник 160 мың еуроға ие болған.

Еске сала кетсек, 10 мамырда UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы титулы сарапқа салынған кездесуде Тони Фергюсон жеңіліп қалды. Ол қарсыласы Джастин Гэтжиге бесінші раундта есе жіберген.

Спорт жанкүйерлері тағатсыздана күткен UFC 249 турнирі Джексонвиллде өтті.

Фергюсон кездесуді жоғары қарқында бастап, алғашқы раундты өз пайдасына шешті. Екінші раундта есеп тең болды.

Қалған үш раунд бойы Джастин Гэтжи америкалық спортшыны соққының астына алып, нәтижесінде Тони Фергюсон техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
500 мың доллар: Гэтжиден жеңілген Фергюсон қарсыласынан көп гонорар алған (фото)