Выйти
RU

Мақпал Жүнісова 19 жасында қандай болғанын көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Мақпал Жүнісова 37 жыл бұрынғы суретімен бөлісіп, жанкүйерлерін қуантып қойды. Эстрада жұлдызы жеке мұрағатындағы фотоны жариялап, жас кезінде қандай болғанын көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/zhunusova.makpal. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Мақпал Жүнісова 19 жасында қандай болғанын Instagram парақшасында көрсеткен. Өнер иесі жүктеген сурет желі қолданушылары арасында бірден қызу талқыға ұласты.

Көпшілік әншінің жас кезіндегі бейнесіне тәнті болып, оған қатысты өз пікірлерін қарша жаудырған.

"Табиғи сұлулық деп осыны айт" , "Бұрын шынымен қыздар сұлу болған. Қазір косметиканың арқасында бәрі бірдей болып кеткен" , "Нағыз сұлулықтың белгісі" , "Әдемісіз, сізді көрсек көңіліміз көтеріліп қалады" , "Қандай көрікті болғансыз. Қазір де ешбір пластиканың көмегінсіз табиғи тартымдылығыңызды сақтап қалғансыз" , "Керемет жансыз, Алла берген бар сұлулық сізде бар" , "Талай жүректі жаралаған сияқтысыз ғой " , - деп жазуда желідегілер.

Бүгінде карантин уақытын үйінде өткізіп жатқан Жүнісова желіде мұрағаттағы фотоларымен жиі бөлісе бастаған.

Еске сала кетейік, ТЖ режимі кезінде Мақпал Жүнісованың үйіне бейтаныс ер адам кірмек болғанын хабарлаған болатынбыз. Өнер иесі белгісіз азамат есігінің алдында жарты сағат тұрғанын айтып, жанкүйерлерін алаңдатып қойды.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Мақпал Жүнісова 19 жасында қандай болғанын көрсетті (фото)
Mailfire view pixel