Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғыз перзиденті Тоқаевқа алғысын жеткізді

Опубликовано:

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазіргідей күрделі кезеңде қолдау көрсетіп, гуманитарлық көмек бергені үшін алғыс айтып, жеделхат жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Осынау қиын-қыстау кезеңде бауырлас қазақ елінің көрсеткен қолдауын, сондай-ақ, Орталық Азиядағы пандемиямен күреске Қазақстан тарапының қосқан үлесі мен күш-жігерін жоғары бағалаймыз. Екі ел арасындағы достық, тату көршілік, одақтастық және стратегиялық әріптестік алдағы уақытта да өзара түсіністік негізде дами береді деп сенемін", – делінген жеделхатта.

Сонымен қтар қырғыз перзиденті Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, мемлекеттік қызметіне игілік, ал, бауырлас қазақ халқына бейбітшілік пен табыс тілеген.

Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысының Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлаған едік. Әңгімелесу барысында тараптар бірқатар мәселені талқылаған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1855560-kyrgyz-perzidenti-tokaevka-tagy-da-algysyn-zetkizdi/

pixel