Выйти
RU

Павлодарда ер адам карантинге жабылған үйдің үшінші қабатынан секіріп кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

35 жастағы ер адам Павлодардағы хирургиялық-акушерлік ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Үшінші қабаттан құлағаннан ол көптеген жарақат алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Палодарда ер адам карантинге жабылған үйдің 3-қабатынан секіріп кеткен (видео)

Оқиға орны. Видеодағы кадр

Келеңсіз жайты Торайғыров 32 мекенжайында болған. Үйдің подъезі карантинге жабылған екен.

Ер адам өздігінен үшінші қабаттың терезесінен секіріп, жерге жайсыз түскен. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, дәрігерлер көптеген жарақатпен ер адамды ауруханаға жеткізген.

Қазір тұрғын арнайы хирургиялық-акушерлік ауруханада ауыр халде жатыр. Карантинге жабылған үйден әкелінгендіктен, ер адамды осында орналастырған. Алдағы уақытта ер адам ем алуын жалғастырады және коронавирусқа тексеріледі.

Ал Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі ер адамның бұл мекенжайда тұрмайтындығын хабарлады. Оның карантинге жабылған көпқабатты үйге қалай келгені әзірге белгісіз. Бұл мәселемен полиция айналысатын болады. Карантин режимін бұзу фактісі бойынша тергеу жүргізіледі. Кінәлілер жауапқа тартылады.

Облыстық денсаулық сақтау қызметінің хабарлауынша, биіктен секірген сәтте ер адам мас болмаған.

Айта кетейік, Павлодар облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша карантин жалғаса бермек.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Павлодарда ер адам карантинге жабылған үйдің үшінші қабатынан секіріп кетті