Выйти
RU

Илья Ильин Қайрат Тұрлыхановқа жантебірентерлік жазба арнады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал спортшы Илья Ильин қайтыс болған ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыхановқа жазба арнады. Зілтемірші белгілі қоғам қайраткері туралы естеліктерімен бөлісіп, бүгінге дейін жетістіктеріне сол кісінің арқасында жеткенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ilyailyinforever/facebook.com/profile/Кайрат Турлыханов. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/ilyailyinforever/facebook.com/profile/Кайрат Турлыханов. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Илья Ильин Instagram желісінде Қайрат Тұрлыхановқа жантебірентерлік жазба арнап, оның отбасына қайғыра көңіл айтты.

Ол спорттағы кәсіби мансабын ауыр атлетика федерациясына Қайрат Болатұлы басшылық еткен кезде бастаған болып шықты. Сол себепті, зілтемірші үшін қоғам қайраткерінің орны аса бөлек.

Ильин бүгінге дейінгі жетістіктерінде Тұрлыхановтың үлесі зор екенін жасырмады.

"Кеше Қайрат Болатұлы Тұрлыханов қайтыс болды - Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті. Мен үшін Қайрат Болатұлы жай ғана құрметті президент емес, мен өзімнің кәсіби маңсабымды оның басшылығымен бастадым.
Ол мені спортшы ретінде де, адам ретінде де жақсы көрді. Қайрат Болатұлына жеңістеріміз үшін алғыс айтамын. Онсыз біз қазір қол жеткізген жетістіктерге жете алмас едік.Тұрлыхановтар отбасына қайғырып көңіл айтамын" , - деп жазды Илья Ильин.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Еске сала кетейік, күні кеше 12-мамыр күні Қазақстанның ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды. 60 жастағы қоғам қайраткерінің өмірден өткені туралы қаралы хабарды федерацияның баспасөз қызметі жеткізді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Илья Ильин Қайрат Тұрлыхановқа жантебірентерлік жазба арнады