RU

UFC басшысы Хабиб пен Гэтжидің жекпе жегі қашан болуы мүмкін екенін айтты

UFC президенті Дэйна Уайт Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжидің жекпе-жегі қашан болуы мүмкін екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: fightnews.info
Фото: fightnews.info: Instagram
"Нурмагомедов пен Гетжи кездесуі жазда, "жауынгерлер аралында" өтеді деп ойлаймын. Бұл "жауынгерлер аралындағы" бірінші турнир ме, білмеймін, бірақ сонда болары анық. Егер әлемде таңғаларлық жағдай орын алып, спорттық шараларға мен күткеннен ерте рұқсат берілмесе", - деді Уайт.

"Жауынгерлер аралы" - UFC басшылығы жалға алған арал. Уайт 18 сәуір күні сонда Хабиб пен Тони Фергюсонның жекпе-жегін өткізбек болған.

Еске сала кетсек, 10 мамырда UFC-дің жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы титулы сарапқа салынған кездесуде Тони Фергюсон жеңіліп қалды. Ол қарсыласы Джастин Гэтжиге бесінші раундта есе жіберген.

Спорт жанкүйерлері тағатсыздана күткен UFC 249 турнирі Джексонвиллде өтті.

Фергюсон кездесуді жоғары қарқында бастап, алғашқы раундты өз пайдасына шешті. Екінші раундта есеп тең болды.

Қалған үш раунд бойы Джастин Гэтжи америкалық спортшыны соққының астына алып, нәтижесінде Тони Фергюсон техникалық нокаутпен жеңіліс тапты.

Осыдан кейін Джастин Гэтжи жеңіл салмақтағы әлем чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовты кездесуге шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855570-ufc-bassysy-habib-pen-getzidi-zekpe-zegi-kasan-boluy-mmkin-ekenin-ajtty.html