Выйти
RU

Бір күнде Теңіз кенішінің 90 мұнайшысынан коронавирус табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

13 мамыр күні өңірде коронавирус жұқтырудың тағы 92 дерегі тіркелді. Олардың 90-ы- Теңіз жұмысшылары деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабының ресми сайтына сілтеме жасап.

Теңіз кенішінің 90 мұнайшысынан коронавирус табылды

Фото: stopcoronavirus.kz

Штаб ақпаратына сәйкес, дерт жұқтырғандар арасында 90 адам – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Атап айтқанда, 83 ер адам және 7 әйел.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған. Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Ал Covid-19 жұқтырған тағы екі жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар 52 жастағы әйел мен 27 жастағы ер адам. Олармен байланыста болған адамдардың тізімі жасалып, ауру ошағына дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде", – деп мәлімдеді жедел штаб.

2020 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында COVID-19 дертін жұқтырғандар саны 432-ге жетті,  оның  ішінде 359 адам – Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен, ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Тағы да оқыңыздар

Декреттік демалысқа шығу үшін қандай құжаттар қажет?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бір күнде Теңіз кенішінің 90 мұнайшысынан коронавирус табылды
Mailfire view pixel