Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина елшісі "Катюша" әнін орындағаны үшін Түркияға шүйлікті

Опубликовано:

Украина елшісі Андрей Сибиха Жеңіс күніне арналған жылжымалы концерт аясында Аланияда "Катюша" әнінің орындалғанына наразы болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Украина елшісі "Катюша" үшін Түркияны туристерсіз қалдырамыз деп қорқытты
Видеодағы кадр: Twitter / Андрей Сибиха: UGC

Твиттердегі ресми парақшасында елші Алания билігінің жаңылысқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, жергілікті биліктің «арандатушылық әрекеттерді» қолдауы Украинадағы миллиондаған азаматтың сезімін сыйламау дегенді білдіреді.

Сондай-ақ, елші науқан қатысушыларының карантин шараларын бұзғанын атап өтті.

Мерекеге орайластырылған жылжымалы концерт 9 мамыр күні өткен.

Автобус қаланы бірнеше сағат бойы шарлаған, оның үстіне көліктегі әртістер әскери әндер шырқаған екен.

Көптеген әнмен қоса Катюшаны да айтыпты.

Естеріңізге сала кетейік, Украинаның экс-президенті Виктор Янукович 2014 жылы Еуромайданда өлім жазасына кесілген жағдайда 2 айға сырттай қамауға алынды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, бұрынғы президентті Ресейден экстрадициялау процесін бастау үшін қазір барлық негіз бар.

Ал, бұрынғы президент адвокаты Горошинский Януковичке халықаралық деңгейде іздеу жарияланғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

Жалғыз өзі жауды тұтқындап, қорғанысын бұзған қазақ қаһармандары туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855583-ukraina-elsisi-katusa-nin-oryndagany-sin-trkiaga-sjlikti/

pixel