Выйти
RU

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға темекі сатуға тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Парламент төменгі палатасының депутаттары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасын мақұлдады. Құжатта темекі өнімдерін сатудың жасы қайта қаралған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан парламенті мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға темекі сатуға тыйым салынды

Көрнекі фото: pixabay.com

Құжатты депутат Зайреш Аманжолова ұсынды.

Оның айтуынша, депутаттар талқылауының нәтижесінде темекіні сату жасы қазіргі 18 жастан 21 жасқа дейін жоғарылатылды. Дәл осындай норма алкогольді сусындар сатуда бірнеше жыл бойы қолданылып келеді.

Сонымен бірге темекі өнімдерін өндірушілер мен импорттаушылардан өнімдерінің никотин құрамы бойынша зертханаларда жыл сайын зерттеу жүргізу талап етіледі. Олар өз нәтижелерін Денсаулық сақтау министрлігіне ұсынуы керек.

Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі ілеспе заң жобасында 21 жасқа толмаған адамдарға темекіні сатқаны үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін, егер қылмыс бірнеше рет жасалған болса, 30-дан 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Темекіні заңсыз жарнамалағаны және белгісіз жерлерде темекі шеккені үшін айыппұлдар 30-50 пайызға артады.

Сонымен қатар, көлік ішінде кәмелетке толмаған тұлға болып, шылым шеккен жағдайда әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Бұл әрекет бірнеше рет заң бұзылған жағдайда 10 АЕК және 20 АЕК мөлшерінде жазаланады.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Еске сала кетсек, бұған дейін темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екені туралы дәрігер жауап берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға темекі сатуға тыйым салынды
Mailfire view pixel