Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда балалар үшін міндетті вакцина пайда болады

Опубликовано:

Мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, елде балалар екпесінің бір бөлігі міндетті санатқа ауыстырылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда балаларға міндетті вакцина пайда болды
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Депутат Зәуреш Аманжолова екпе алмаған балаларға балабақшаға баруға тыйым салынған норма қайта қаралғанын мәлімдеді.

Олар мектепке дейінгі білім беру мекемесіне балабақшадағы "ұжымдық иммунитет" деңгейіне байланысты қабылданады.

Одан бөлек, барлық вакциналар міндетті және ерікті болып бөлінетіні жайлы норма өзгеріссіз қалады.

Бұл ретте, оның сөзінше, екпелердің эффективтілігі мен қауіпсіздігі және сапасын қамтамасыз ету бөлігінде жауапкершілік шектелді.

Жеке медициналық деректерді қамтитын электрондық медициналық жазбалар медициналық көмек көрсетуге пациенттің келісімімен қалыптастырылады.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Қазақстанның оңтүстігінде мектеп оқушыларына чип енгізу жұмыстары жүргізілгені туралы қауесетке жауап берді.

Ал оған дейін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы да адамдарға вакцина арқылы чип енгізу туралы тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған еді. Ведомство тұрғындарды тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855598-kazakstanda-balalar-sin-mindetti-vakcina-pajda-bolady/

pixel