Выйти
RU

Қазақстанда адам ағзаларын елден шығаруға заңмен тыйым салынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда адамның ішкі ағзаларын елден шығаруға заңды түрде тыйым салынды. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасындағы норманы мәжілістегілер қабылдап, Сенатқа ұсынылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда елден органдарды шығаруға тыйым салынды

Фото: pixabay.com

Кодекс жобасы ағзаларды трансплантациялау бойынша резонанстық нормаларды реттейді. Түсінікті болу үшін "тірі кезіндегі донор", "өлімнен кейінгі донор" және "ықтимал реципиент" анықтамалары берілген.

Сонымен қатар, құжатта өлімнен кейінгі донордан мүшелер мен тіндерді алып тастау тәртібі белгіленген стандарттар бар. Егер адам тірі кезінде донор болуға қарсы болса, қазір мұны істеу мүмкін емес.

Сондай-ақ, жаңа ережелер шетелден келгендердің қажеттіліктері үшін ағзалар мен тіндерді Қазақстаннан шығару мүмкіндігін толығымен жоққа шығарды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстанда балаларға арналған міндетті вакцинациялар пайда болады деп жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, мәжілісмендер 21 жасқа толмаған адамдарға темекі сатуға тыйым салуды қолдады. Өз кезегінде 21 жасқа толмаған адамдарға темекі сататын сатушылар да тиісінше жазаланатын болады.

Егер мұндай заң бұзушылық алғаш рет анықталса, онда айыппұл 15-тен 100 АЕК-ке дейін болады. Егер қайталанса, айыппұл 30-дан 200 АЕК-ке дейін болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда адам ағзаларын елден шығаруға заңмен тыйым салынды
Mailfire view pixel