Выйти
RU

Алматыда коммуналдық төлемді өтеуге берілетін 15 мың теңгені алу ережесі өзгерді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коммуналдық қызмет шығындарын өтеу ережесінде жалдамалы пәтерде тұратындарға жеңілдік қарастырылмаған. Бұл туралы Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда коммуналдық төлемді өтеуге берілетін 15 мың теңгені алу ережесі өзгерді

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның сөзіне қарағанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі карантин кезінде коммуналдық шығындарды өтеу ережесіне енгізген өзгерістерде жалдамалы пәтерде тұратындарға жеңілдік берілмеген.

"Біз өз тарпымыздан министрліктен жалдамалы пәтерде тұратындарды да енгізу туралы ұсыныс бердік. Яғни, ол бізге баспананы жалдап тұрып жатқанын растайтын келісімшартты көрсетсе, біз төлеп бергіміз келген. Өкінішке орай, министрлік ұсынысымызды құптамады",– дейді Әсет Масабаев.

Айта кетейік, Коммуналдық қызмет үшін 15 мың теңнге алуға арналған жаңа сайт ашылды. Бұл туралы елордалық әкімдіктің iKomek бірыңғай байланыс орталығы хабарлады.

Өтемақы алу үшін Komtolem.kz сайтына кіріп, ең алдымен жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу керек. Жүйе автоматты түрде өтініш берушінің тізімде бар-жоғын тексереді. Егер тұрғынға өтемақы берілуі тиіс болса, бірақ жеке сәйкестендіру нөмірі базада болмаса, +7 (7172) 28 09 59 нөміріне хабарласқан жөн. Сайтта өтінішті @KOMTOLEM_BOT Telegram-боты арқылы жіберуге болатыны да көрсетілген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда коммуналдық төлемді өтеуге берілетін 15 мың теңгені алу ережесі өзгерді