RU

«Хабар» арнасы «Евровидение: Europe Shine a light» музыкалық шоуын көрсетеді

Мамырдың 16-нан 17-не қараған түні, сағат 01:00 тікелей эфирде «Хабар» «Евровидение: Europe Shine a Light» арнайы шоуын тікелей эфирде трансляциялайды.

«Хабар» «Евровидение: europe shine a light» музыкалық шоуын көрсетеді

Бұған дейін Хабар Агенттігі қауымдастырылған мүшесі болып табылатын Еуропалық хабар тарату одағы дүние жүзіндегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, Роттердамда өзінің қалыпты форматында өтетін «Евровидение-2020» -дан бас тарту туралы шешім қабылдады. Есесіне енді көрермендерді конкурстық жарыс принципінсіз өтетін ерекше шоу күтеді.

Бұл шоудың аясында «Евровидение»-ның әртүрлі жастағы жеңімпаздары мен биылғы өтпей қалған конкурс қатысушылары дүние жүзіне қолдау көрсету және алғыс білдіру мақсатында өнерлерін ортаға салады. Өздерінің конкурстық композицияларынан жарқын деген 30-секундтық фрагменттері мен «Katrina and the Waves» тобының Евровидения-1997-де орындаған «Love Shine a Light» жеңімпаз әнін назарларыңызға ұсынатын болады.

Шоу  бағдарламасында «What’s Another Year» деп аталатын әннің дүние жүзіндегі конкурстың фанаттарымен виртуалды орындалуы -  ерекше элементі болмақ.

Жоба жүргізушілері - актриса әрі тележүргізуші Шанталь Янзен,  әнші Ян Смит және әнші Эдсилия Ромбли.

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855612-habar-arnasy-evrovidenie-europe-shine-a-light-muzykalyk-souyn-krsetedi.html