Выйти
RU

Тағы 76 адам айықты: Елімізде коронавирустан жазылғандар саны көбеюде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тағы 76 науқас коронавирусты жеңіп, ауруханадан емделіп шықты. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 2363 адам қауіпті дерттен айықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Тағы 76 адам айықты: Елімізде коронавирустан жазылғандар саны көбеюде

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазақстанда тағы 76 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында – 30, Алматы қаласында – 35, Шымкент қаласында – 3, Қарағанды облысында – 4, Маңғыстау облысында – 1, Түркістан облысында – 2, Қостанай облысында – 1.

Елімізде барлығы 2363 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтыру бойынша тіркелген жалпы науқастар саны 5417-ге жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі әлі де сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тағы 76 адам айықты: Елімізде коронавирустан жазылғандар саны көбеюде
Mailfire view pixel