Выйти
RU

Алматыдағы ұшақ апаты: "Бек Эйр" қыруар қаржыны қалай қайтарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Bek air әуе компаниясынан билет бағасын қайтара алмай жүрген жолаушылардың саны артты. Әуе апаты кезінде рейстері тоқтап, жоспарлаы бұзылған 670 адамның құқығын сотта тұтынушылар кометі қорғауда. Лицензиясынан айырылған әуе компаниясы Қазақстанның әр өңіріндегі жолаушыларға жобамен 44 миллион теңге қарыз деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жарты жылдан бері "Бек Эйр" компаниясынан ақшасын ала алмай жүрген ақтөбелік Динара тұтынушылар комитетіне жүгіненін айтты.

"Мен екі қызыма қарашада және желтоқсанда екі билет алдым. 80 мыңға жуық шықты. Әлі ақшаны ала алмай жүрмін. "Бек Эйр" мүлдем жауап бермейді. Қызым ұшуы керек болды. Сосын "Эйр Астанадан" екі есеге қымбат билет алдым", - деді ол.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, Динара сияқты шығынға батып, билет бағасын қайтара алмай жүргендер көп.

Комитеттен көмек сұраған жолаушылардың саны Қазақстан бойынша 670-ке жетіпті. Олар 44 миллион теңгеден астам сомаға 1267 билет сатып алған екен.

"Заңда барлығы тайға таңба басқандай жазылған. Әуе компаниясы өзіне жүктелген қызметті атқара алмаса, жолаушыларға билет құнын қайтарып беруі тиіс. Болмаса, міндетін орындауы қажет. Комитетке тұтынушылардан күн сайын ондаған өтініш түседі. Олардың саны алдағы уақытта еселеп артса, таңқалмаймын. Ал біз соңына дейін күресуге дайынбыз", - деді тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің басқарма басшысы Әлихан Шәкенов.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Онлайн өткен кезекті сот отырысы барысында "Бек Эйр" әуе компаниясының өкілі жолаушыларға бас-аяғы 300 миллион теңгеге жуық ақша қайтарылғанын алға тартты.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, 49 адам ауруханаға жеткізілді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыдағы ұшақ апаты: "Бек Эйр" қыруар қаржыны қалай қайтарады
Mailfire view pixel