Выйти
RU

42500 теңгені екінші рет қанша адамның алғаны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

13 мамырдағы жағдай бойынша 2,7 миллионнан астам қазақстандық төтенше жағдай режимі кезеңінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде екінші төлем алды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

"Бұған дейін хабарлағандай, төлемді есептеу үшін алғашқы ай ретінде 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығы алынады. Қазіргі төтенше жағдай бойынша екінші ай 16 сәуірден 11 мамырға дейін", - делінген хабарламада.

Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, 16 сәуірге дейін өтініш берген азаматтар, төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер тағайындау ережесінде көрсетілген шарттарды сақтай отырып, "42 500 теңге" төлемге екінші айда үміткер бола алады.

16 сәуірден бастап 11 мамыр күні сағат 18.00-ге дейін өтініш берген азаматтар бір рет төлем алуға үміткер бола алады.

Еске сала кетсек, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 11 мамырдан бастап 42500 теңгеге әлеуметтік төлемді алуға өтініш беру тоқтатылғанын мәлім еткен.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
42500 теңгені екінші рет қанша адамның алғаны белгілі болды
Mailfire view pixel