RU

Жаңбыр, найзағай, жел: Еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауады деп күтілуде

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы әлі де сақталады. Осы орайда, ел аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде. Синоптиктер кей жерлерде жел күшейіп, тұман болады деп болжады. Сондай-ақ, бұршақ жауып, оңтүстік пен орталықта дауыл тұруы ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жаңбыр, найзағай, жел: Еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауады деп күтілуде
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл және екпіні 15-20, 23 м/с болатын жел күтіледі және бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан, Қарағанды облыстарының да кей бөліктерінде найзағай, дауыл күтіледі. Жел 15-20 м/с күшейеді, сонымен қатар, бұршақ жауады деп болжануда.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарының кейбір аумағында найзағай болып, жел 15-20 м/с күшейеді және бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді деп болжануда, кей жерлерде Ақмола, Батыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарында және Алматы, Атырау облыстарында найзағай жарқылдайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855681-zabyr-najzagaj-zel-elimizdi-basym-bliginde-brsak-zauady-dep-ktilude.html