Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Киіктерді көлігімен қуып жүріп, қағып өлтірген қостанайлық азамат сотталып кетті

Опубликовано:

«Қызыл кітапқа» енген екі киікті көлігімен қағып өлтірген қостанайлық азамат 2 жылға сотталып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киіктерді көлігімен қуып жүріп, қағып өлтірген қостанайлық азамат сотталып кетті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Полицияның мәліметінше, 36 жастағы ер адам Наурызым ауданындағы Өлеңді ауылының маңында жайылып жүрген 4 киікті өзінің «Нива» көлігімен қуып жүріп, ақырында екеуін соғып өлтірген.

«Күдікті заңсыз атқан киіктің бірін көлігіне тиеп алып, екіншісін сол жерге тастап кеткен. Осы уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан Наурызым ауданының тұрғыны қылмыскердің әрекетіне куә болады.
Ол көліктің соңына түсіп, болған жайды полицияға хабарлап айтқан. Тәртіп сақшылары күдіктіні көп ұзатпай қолға түсірді», - дейді ПД баспасөз қызметі.

Наурызым ауданының полиция бөлімі күдіктіге қатысты ҚР ҚК 337-бабы («Заңсыз аң аулау») бойынша тергеу жүргізді.

Нәтижесінде, аудандық соттың үкімімен Қостанай қаласының 36 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның орман шаруашылығына келтірген шығыны 6 миллион теңгеден асады.

Айта кетерлігі, киіктер сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар қатарына жатады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855688-kiikterdi-kligimen-kuyp-zrip-kagyp-ltirgen-kostanajlyk-azamat-sottalyp-ketti/

pixel