Выйти
RU

5571-ге жетті: Елімізде тағы 154 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тағы 154 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5571-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Соңғы мәлімет бойынша, Ақтөбе облысында - 8 адамнан, Алматы облысында - 7 адамнан, Атырау облысында - 25 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында - 3 адамнан, Жамбыл облысында - 1 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 6 адамнан, Қарағанды ​​облысында - 4 адамнан, Маңғыстау облысында - 8 адамнан, Павлодар облысында - 1 адамнан, Түркістан облысында - 6 адамнан, Алматы қаласында - 50 адамнан, Нұр Сұлтан қаласында - 30 адамнан, Шымкент қаласында - 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте өсім 2,8 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Осы сағатта:

Нұр-Сұлтан қаласы – 1148(+30)

Алматы қаласы – 1678(+50)

Шымкент қаласы – 250(+5)

Ақмола облысы – 110

Ақтөбе облысы – 184(+8)

Алматы облысы – 190(+7)

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Атырау облысы – 457(+25)

Шығыс Қазақстан облысы – 55(+3)

Жамбыл облысы – 199(+1)

Батыс Қазақстан облысы – 272(+6)

Қарағанды облысы – 204(+4)

Қостанай облысы – 68

Қызылорда облысы – 231

Маңғыстау облысы – 138(+8)

Павлодар облысы – 155(+1)

Солтүстік Қазақстан облысы – 36

Түркістан облысы – 196(+6), барлығы 5571 адам тіркелді. .Олардың 2408-і ауруынан айықса, 32 адам көз жұмды.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
5571-ге жетті: Елімізде тағы 154 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды