RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны министрлік болжамынан асып түсті

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны Денсаулық сақтау министрлігі болжаған көрсеткіштен асып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі мамыр айының соңына дейін елде COVID-19 жұқтырғандардың саны 5300-ге дейін көбейеді деп болжаған. Алайда ведомство көрсеткіші орындалған жоқ. Себебі cоңғы деректерге сенсек, елімізде қауіпті дерт бес жарым мың адамнан анықталды.

Астана телеарнасының мәліметінше, осыған қарамастан Дүниежүзілік денсаулық басқармасы еліміздегі вирустың жаппай таралуын болдырмауға бағытталған жұмыстарды оң бағалап отыр.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5571-ге жетті. Олардың 2408-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 32 науқас инфекция салдарынан көз жұмған.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855699-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-ministrlik-bolzamynan-asyp-tsti.html