Выйти
RU

Түркістан облысындағы топан су: Төтенше жағдайдың салдары қандай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында Түркістан облысында жауын-шашын салдарынан тағы бірнеше елдімекенді су басқаны белгілі болды. Қазіргі жағдай мен төтенше оқиға салдары жайлы ақпаратты ҚР ІІМ төтенше жағдай жөніндегі комитеті ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Түркістандағы топан су: Төтенше жағдайдың салдары қандай

Фото: ҚР ІІМ ТЖК

Ведомство ақпарынша, 13 мамыр күні сағат 19:14-те Еңбекші ауданы Елтай елдімекеніне Төлеби аудандағы жауын-шашын салдарынан 3-5 метр куб көлемінде су келе бастағаны жайлы хабарлама түскен.

Елдімекен аулаларында су деңгейі 20-50 сантиметрге дейін жеткен. Тасыған су салдарынан арық жүйесіне зақым келіп, тұрғын үйлердің алаңдарын су шайып кеткен.

ТЖ салдарынан жалпы 60 үй мен 3 шаруашылық құрылысқа зақым келді. Апатты-құтқару жұмыстарын атқаруға Шымкент қалалық ТЖД 57 қызметкері, 14 бірлік техникасы мен МП-100 14 мотопомпы жұмылдырылды. ТЖД күші арқылы су сору жұмыстары, ал коммуналдық қызметтер арқылы арықты механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Адамдарды эвакуациялық пунктілерге жеткізу үшін шұғыл түрде қоғамдық көлік ұйымдастырылды.

Түркістандағы топан су: Төтенше жағдайдың салдары қандай

Фото: ТЖК

ТЖ жөніндегі департаменттің мобильді тобы Елтай елдімекені тұрғындарына эвакуация жайлы дауыс күшейткіштер арқылы хабар берді. Су шайған 60 үйден адамдарды эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

"Маятас" тұрғын масивінде орналасқан №119 орта мектеп базасындағы №41 эвакуациялық пунктіге 150 адам эвакуацияланды, тағы 150- ге жуық адам туыстарының үйіне жіберілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қосымша 4 эвакуациялық пункті әзірленді. 7000 куб метр су тартылды.

14 мамыр күні 01:14- те Еңбекші ауданы Откормсовхоз елдімекенінің Гаухар тас көшесінде қатты жауын-шашын салдарынан Бадам өзені тасығаны жайлы хабар келіп түскен. Өзен жағасының бұзылуына байланысты су 2 тұрғын үйге қауіп төндіреді (үйлерге дейінгі қашықтық 7-8 метр). ТЖД қызметкерлері 31 тұрғынды Бадам- 1 елдімекенінде № 84 орта мектеп базасындағы эвакуациялық пунктіге жеткізді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТЖ салдарын жою ісіне ТЖД 16 қызметкері мен 5 техника бірлігі жұмылдырылды. Одан бөлек, 112 кезекші қызметіне аулаларын су басқанын айтқан 23 азамат хабарласқан. Қызметкерлер барлық қоңырауларға шұғыл түрде шығып, суды тарту жұмыстарын жүргізген. Жалпы 973 метр куб су тартылған, ал істі жеке құрамдағы 97 адам, 23 техника бірлігі атқарған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысындағы топан су: Төтенше жағдайдың салдары қандай
Mailfire view pixel