Выйти
RU

"Ол "иә" деді": Cүр бойдақ атанған отандық продюсер отбасын құрмақшы

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Тимур Балымбетов еліміздегі бойдақтар тізімінен ресми түрде шықты. БАҚ өкілі алдынкүні сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алған. Телевизия саласындағы сері жігіттің таңдауы кімге түскенін KAZ.NUR.KZ материалынан біде аласыздар.

Фото: Instagram/balukz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/balukz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тимур Балымбетов батыл қадамға барып, карантин кезінде ғашығына үйленуге ұсыныс жасаған.

Тележүргізуші жеке өміріндегі қуанышты жаңалығымен бірден әлеуметтік желіде бөліскен. Ол Instagram парақшасында сүйіктісінің қолын ұстап тұрған суретін жариялап, өз оқырмандарына жақсы жаңалықты бірінші болып жеткізген. Фотода бойжеткеннің қолында сақинаны байқауға болады.

"Ол маған "иә" деді. Достар, құттықтауларыңызға үлкен рахмет. Біз барлығына жауап беріп үлгермей жатырмыз. Сіздердің әр сөздеріңіз жанға жылулық сыйлайды. Шын жүректен баршаңызға рахмет айтқым келеді" , - деп жазды.

Белгілі болғандай, тележүргізушінің жүрегін жаулаған қыздың есімі - Лаура Қасқабаева. Қалыңдық Тимур Балымбетовпен бірге жұмыс істейтін көрінеді. Оған қос ғашықтың Gakku TV ұжымымен түскен суреттері дәлел болса керек.

Бұған дейін жеке өмірін барынша жасырын ұстаған Балымбетов соңғы уақытта ғашығымен түскен фотоларын жиі жүктейтін болған.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ол "иә" деді": Cүр бойдақ атанған отандық продюсер отбасын құрмақшы
Mailfire view pixel