Выйти
RU

Біртанов екпеге наразылығын білдірген ел тұрғындарына жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов балалар вакцинасына қатысты наразылығын білдірген қазақстандықтарға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы министр Facebook әлеуметік желісіндегі парақшасында жазды.

"Соңғы күндері желіде Кодекске, оның ішінде міндетті вакцинация, сапасыз вакцина мен сатып алу міндетін дұрыс орындамайтындар, вакцинаны дұрыс тасымалдамайтындар мен вакцинадан кейінгі қиындықтар туралы әңгіме жиі көтеріп кетті. Бұл – қоғамдық сананы ашық манипуляциялау.

Қазақстанда вакцинация – мәжбүрлі емес! Бүкіл әлемдегі секілді біздің елде екпе жасату – ерікті және міндетті болады.

Бірақ әрбір жағдайда ата-аналардың ақпараттық түрде келісім беруге немесе вакцианциядан бас тартуға құқығы болады!

Екпе жасалмаған балалардың құқығын шектейтіндей ешқандай норма жоқ. Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ететін, яғни балабақшаға баратын барлық баланың денсаулығын қорғайтын тек бір норма бар", - деді ол.

Біртановтың мәліметінше, өткен жылы 4 841 334 екпе жасалып, 6003 жағдайда екпе жасатпайтындарын айтып, бас тартқан (тек 0,12 пайызы).

Осы 4 841 334 адамның ішінде тек 143-і ғана екпеден кейін жайсыз күйді (температураның көтерілуі, терінің қызаруы) сезінген (0,003 пайызы).

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сонымен қатар, елімізде вакцинадан 2019 жылы ешбір адамның көз жұмбағаны белгілі болды.

"Қазақстандағы әрбір вакцина қауіпсіздік, тиімділігі мен сапасы бойынша көпсатылы тексерістен өтеді. Ол тексерістің бәрі де өндірістік тәжірибенің халықаралық стандартына сай келеді", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, мәжіліс депутаттары палатаның жалпы отырысында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекс жобасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, елде балалар екпесінің бір бөлігі міндетті санатқа ауыстырылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біртанов екпеге наразылығын білдірген ел тұрғындарына жауап берді