Выйти
RU

Қытайда бір тұрғыны 20 адамға COVID-19 жұқтырған қала жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь қаласында коронавирус инфекциясы анықталғаннан кейін қатаң карантин шаралары енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытайда коронавирус пайда болғаннан кейін миллионды қала жабылды

Көрнекі фото: Getty Images/ Kevin Frayer / Stringer

SCMP ақпараты бойынша, бір аптада 4 миллионнан аса тұрғыны бар қалада коронавирус жұқтырудың 21 жағдайы тіркелді. Олардың екеуінде ауру белгілері мүлде байқалмайды.

Барлық анықталған фактілер көрші қалада кір жуатын орында жұмыс істейтін 45 жастағы келіншекпен байланысты болып отыр. 7 мамыр күні ҚХР азаматшасы тест тапсырып, оң нәтиже алған.

Жергілікті мамандар оның қалай ауру жұқтырғанын түсіне алар емес. Себебі, екі қала енетін провинцияда соңғы 73 күнде коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі тіркелмеген.

Науқас өңір сыртына шықпаған және шет мемлекеттен келген азаматтармен байланыспаған.

Жергілікті билік инфекция жұқтырудың жаңа толқынының алдын алу үшін қалаға қатаң карантин шараларын енгізді. Цзилиньде қоғамдық көлік жұмысы тоқтап, мектептер мен ойын-сауық орталықтары жабылды.

Енді адамдар ауырған қаладан шығу үшін тұрғындар коронавирусқа тест тапсыруға міндетті. Вице-мэр Гай Донпин қазіргі ахуал қиын екенін, аурудың тарау қаупі төніп тұрғанын айтып отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны Денсаулық сақтау министрлігі болжаған көрсеткіштен асып кетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда бір тұрғыны 20 адамға COVID-19 жұқтырған қала жабылды