Выйти
RU

Жапония мен Пәкістан елімізге коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектер жіберді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

14 мамырда Жапониядан Қазақстанға жалпы сомасы 12 мың АҚШ доллары болатын гуманитарлық көмек жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Сыртқы істер министрлігі

Фото: Сыртқы істер министрлігі

Күн шығыс елінен жеткізілген 12 200 препарат коронавирус инфекциясын емдеу үшін қолданылмақ.

Гуманитарлық жүк Scat әуе компаниясының арнайы рейсімен келіп, медициналық мекемелерге тарату үшін "СК-Фармация" ЖШС-не табысталды.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Жапония үкіметіне достық пиғылы үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Пәкістан үкіметі Қазақстанның Исламабадтағы елшілігіне коронавирус инфекциясын емдеуде қолданылатын 60 мың таблетка берген.

Препараттар жақын уақытта Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілмек.

Осы орайда еліміздің сыртқы істер министрлігі Пәкістан үкіметіне достық әрекеті үшін алғыс айтуды ұмытқан жоқ.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5571-ге жетті. Олардың 2408-і қауіпті дерттен айығып, ауруханадан шықса, 32 науқас инфекция салдарынан көз жұмған.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус пандемиясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимі 11 мамырда аяқталды. Дегенмен ірі қалалар мен облыстарда карантин режимі сақталып қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жапония мен Пәкістан елімізге коронавирусты емдейтін дәрі-дәрмектер жіберді
Mailfire view pixel