Выйти
RU

Пәтерде мәйіт бар деп қалжыңдаған Петропавл тұрғыны айыппұл арқалады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Петропавл тұрғыны мас күйде полицияның кезекші бөліміне хабарласып, тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде екі адамның мәйіті жатқанын мәлімдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сәлтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрсетілген мекенжайға полиция мен медицина қызметкерлері келіп жеткен. Алайда, бұл жалған ақпарат болып шықты. Аталған пәтердің қожайыны саяжайда, ал оның жұбайы дүкенге кеткен екен.

Полицияның мәліметінше, қала тұрғыны мас күйде қалжыңдамақ болып, екі адамның мәйіті туралы тәртіп сақшыларына хабар берген.

Енді 43 жастағы петропавлдыққа ірі көлемде айыппұл салынады. Ол полицияны ата-анасының пәтеріне жіберген екен. Өзі олардан бөлек тұратын көрінеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін түркістандық келіншектің қаржы пирамидасына салып жіберген ақшасын жасыру үшін полицейлерді алдағанын хабарлағанбыз.

Ол ақшасын қаржы пирамидасына салып жіберіп, ісін жасыру үшін "ұрлық болды" деп полицейлерге жалған ақпарат берген.

Құзырлы орган өкілдері үй тұрғындарынан, көршілерден жауап алғаннан кейін, аталған ұрлыққа жәбірленушінің өзінің қатысы барын анықтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пәтерде мәйіт бар деп қалжыңдаған Петропавл тұрғыны айыппұл арқалады
Mailfire view pixel