RU

"Бәйтерек" ұлттық холдингінде 197 млн теңге жымқырылған

Бүгін онлайн-брифинг кезінде Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Бәйтерек" ҰБХ-де басталған тергеу туралы хабарлады. Холдинг бірнеше миллион жымқырған деген күдікке ілінді деп жазады KAZ.NUR.KZ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бәйтерек" ұлттық холдингінде 197 млн теңге қолды болған
Фото: NUR.KZ: Original

Күдікке ілінгендер – "Бәйтерек" холдингінің лауазымды тұлғалары.

Тергеу мәліметіне сәйкес, олар 197 миллион теңгені ұрлаған. Бұл ақша холдингтің "қызына", яғни технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттікке арналған бизнес-кеңестерге жұмсалуы керек болған.

Бұл іске тергеу мүддесіне қатысты есімдері аталмаған басқа тұлғалар қатысады.

Жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметі бойынша, биыл мамыр айының бас кезінде-ақ агенттік қызметкерлері пара, ақша ұрлығы және алаяқтық фактілері бойынша жүзден астам тергеу жүргізген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстандағы жемқорлардың жазасын қатаңдатуды ұсынған болатын.

Мәселен, жемқор мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берерден бұрын міндетті түрде қамауда отыру мерзімін ұлғайту ұсынылады.

Сондай-ақ, жемқорлық фактісімен сотталғандар үшін колониялар тым жұмсақ шешім болып саналады. Мұндай мекемелердегі жағдай түрмелердің барлығымен салыстырғанда ең "жұмсағы" саналады.

Еске салсақ, оңтүстік астанада Алатау ауданының экс-басшысы Шахмерден Рыспаевқа қатысты сот үкімі шықты. Ол мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855755-bjterek-lttyk-holdinginde-197-mln-tege-koldy-bolgan.html