Выйти
RU

Елордада сәулет басқармасының басшысы 20 млн теңге жымқырды деп күдіктелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтан қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы мен тағы бірнеше адамның үстінен 20 миллион теңге жымқырды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров баспасөз мәслихатында айтты.

"Агенттікке қарасты елордалық департамент Нұр-Сұлтан қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы мен өзге де адамдарға қатысты тергеу амалдарын бастады. Олар "Нұр-Сұлтан қаласының жер учаскесін ревизиялау" жобасына бөлінген 20 млн теңге соманы жымқырды деген күдікке ілінді", - дедә ол.

Құрылысқа қатысты жемқорлық фактісі елордамен бірге Қостанай облысында да тіркелген.

Бекайдаровтың сөзінше, Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы да сотқа дейінгі тергеу амалдарынан өтіп жатыр.

Оған "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында аз қамтылған отбасыларға арналған пәтерлерді сатып алуға қатысты мемлекеттік сатып алу келісімінің кедергісіз ресімделуі үшін жылжымайтын мүлік агенттігі риэлторынан 800 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Еске сала кетсек, Алматыда Алатау ауданының экс-әкіміне сот үкімі шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада сәулет басқармасының басшысы 20 млн теңге жымқырды деп күдіктелді
Mailfire view pixel