Выйти
RU

Сенат митингілер туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Парламент жоғарғы палатасының депутаттары бейбіт митингілерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібі жазылған заң жобасын мәжіліске қайтарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ парламент сенатының ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Депутат Сәрсенбай Еңсегенов заң жобасын қарастыру кезінде бұған дейін мәжілісмендер мақұлдаған құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін мәлім етті.

Осылайша, сенаторлар ірі қалаларда митинг өткізу үшін кем дегенде үш орын белгілеуді ұсынды.

Бұдан бөлек, митинг ұйымдастырушысын шара қатысушыларынан адамның бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін белгілі бір киім немесе басқа да заттар киюді талап етуді міндеттейтін ережені алып тастау ұсынылды.

Сонымен қатар, митинг қатысушыларына денсаулықтарын қорғауға арналған құралдар қолдану құқығы берілмек.

Сондай-ақ сенатта митинг өткізу тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен көлік қызметтеріне, шараға қатыспайтындардың еркін қозғалысына кедергі келтірсе, митинг өткізуге тыйым салу негіздерін алып тастау ұсынылды.

Бұған дейін аталған заң жобасы тиісті ескерту бойынша ғана бейбіт митингілер өткізуге рұқсат беретіні хабарланған. Қолданыстағы заң бойынша оларды өткізу үшін жергілікті биліктің рұқсаты қажет.

Еске сала кетейік, бұған дейін қоғам белсендісі Альнур Ильяшев өзінің Facebook парақшасында Алматы әкімшілігі бейбіт митинг өткізуге рұқсат бергенін хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сенат митингілер туралы заң жобасын мәжіліске қайтарды
Mailfire view pixel