Выйти
RU

Төтенше жағдайлар туралы заңға түзетулер енгізілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сенаторлар төтенше жағдайлар туралы жаңа заң жобасын қабылдады. Құжат президенттің ТЖ кезіндегі өкілеттігін кеңейтеуге жол ашпақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы парламент сенатының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Ұлттық экономика министрі төтенше жағдайлар туралы заң жобасы елдегі төтенше жағдай кезінде мүмкіндігінше жедел әрі тиімді шаралар қабылдау үшін әзірленгенін мәлім етті.

Оның айтуынша, бұл қоғамдағы және экономикадағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Құжатта төтенше жағдай кезеңіндегі мемлекеттік басқарудың жұмыс істеу механизмі жазылған.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде қабылданған барлық заңдар оның мерзімі біткенше жұмыс істейді.

Коронавирус салдарынан тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет бүкіл ел аумағында төтенше жағдай режимі енгізілген кезде аталған заң жобасының нормалары өзектілігін арттырған.

Елімізде наурыздың ортасында қабылдаған режим үш күн бұрын яғни 11 мамырда аяқталды.

Айта кетейік, құжат жаңа тараумен толықтырылғанын хабарлаған болатынбыз.

Онда төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін президент бюджет, кеден, банк, еңбек туралы және монополияға қарсы заңнамалардың, сонымен қатар денсаулық, мемлекеттік сатып алулар, валюталық реттеу туралы заңнамалардың жұмыс істеуінің ерекше тәртібін белгілей алады.

Тағы да оқыңыздар

Бөлмеде өсіруге арналған гүлдер

Еске сала кетсек, осыған дейін парламент жоғарғы палатасының депутаттары бейбіт митингілерді ұйымдастыру мен өткізу тәртібі жазылған заң жобасын мәжіліске қайтарғанын хабаралаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Төтенше жағдайлар туралы заңға түзетулер енгізілді
Mailfire view pixel