Выйти
RU

Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жемқорлық бойынша күдікке ілінді (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері онлайн-брифинг барысында ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, қорғаныс министрлігінде тергеу жүргізіп жатқанын мәлім етті. Белгілі болғандай Алматы облысында бірнеше адам сыбайлас жемқорлық бойынша күдіктелуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видеосынан

Кадр: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видеосынан

Бұл туралы брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлімдеді. Тергеулердің бірі Талдықорған гарнизоны әскери полиция бөлімінің штаб бастығына қатысты жүргізілуде.

Болжам бойынша, күдікті 200 мың теңгеден аса пара алған. Бұл ақша әскери бөлімдерді тамақпен қамтамасыз етіп жүрген кәсіпкерге қамқорлық жасау үшін берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған факті бойынша видео ұсынды. Онда ведомство қызметкерлерінің күдіктіні алып бара жатқаны көрсетілген.

Кадр: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видеосынан

Кадр: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет видеосынан

Осындай тергеу амалдары тағы бір әскери бөлімде жүргізілуде. Күдікке тыл бөлімінің командиры мен орынбасары және азық-түлік қызметінің басшысы ілінді. Тергеу болжамынша, олар алдын ала сөз байласып, тамақтандыру саласындағы кәсіпкерге қамқорлық жасау үшін пара алған.

Ведомство өкілдері күдіктілерді ұстау сәтінен бейнежазба ұсынды. Кардларда олардан жауап алынып жатқаны бейнелеген.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері "Бәйтерек" ұлттық холдингінде басталған тергеу туралы хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қорғаныс министрлігінің қызметкерлері жемқорлық бойынша күдікке ілінді (видео)