RU

NASA Өзбекстандағы бөгеттің жарылғанға дейінгі және кейінгі суретін көрсетті (фото)

1 мамырда Өзбекстан су қоймасындағы бөгет жарылып, Қазақстанның шекаралас аймақтарында су басты. Интернетте су қоймасының төтенше жағдайға дейін және одан кейін NASA жер серігі жасаған суреттері пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

иииии
22 сәуір мен 8 мамырда түсірілген суреттер. Фото: earthobservatory.nasa.gov: UGC

Кадрлармен АҚШ-тың ғарышты зерттеу және аэронавтика жөніндегі ұлттық агенттігінің ресми сайты бөлісті. Суреттер бірнеше күн бұрын, 8 мамырда Landsat 8 жер серігінің көмегімен түсірілген.

иииии
8 мамырда түсірілген сурет. Фото: earthobservatory.nasa.gov: UGC

Агенттік сондай-ақ, 22 сәуірде төтенше жағдайдан бір апта бұрын түсірілген суреттерді жариялады.

иииии
22 сәуірде түсірілген сурет. Фото: earthobservatory.nasa.gov: UGC

Суретте су жиналған жер нақты көрсетілген. Бұл аймақ Flooded area деген жазумен ерекшеленген. Соңғы суретте Сардоба су қоймасы қазір жартылай бос екені анық көрінеді.

иииии
8 мамырда түсірілген сурет. Фото: earthobservatory.nasa.gov: UGC

Агенттіктің хабарламасы бойынша фотода бөгет бұзылған кезде судың нақты бағыттары көрсетілген. Судың бір бөлігі солтүстікке, екіншісі шығысқа қарай ағып жатқандығын байқауға болады.

8 мамырда су тасқыны қаупі болмаған, өйткені су су қоймасынан тыс ақпаған екен.

Еске сала кетейік, бірінші мамыр күні Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып, салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы бес елді мекенді су басты.

Бұл жағдайдан кейін Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855820-nasa-trkistan-oblysyny-su-baskanga-dejingi-zne-kejingi-suretin-krsetti-foto.html