Выйти
RU

Алматы облысында ер адамды пышақтап, жолға тастап, көлігін мініп кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

14 мамыр күні "Алматы-Сарыөзек" тас жолының 159-шақырымында Қарашоқы ауылына жақын жерде ер адамға шабуыл жасалған. Яғни оған пышақ жарақатын салып, көлігін мініп кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында ер адамды пышақтап, жолға лақтырып, көлігін ұрлап әкеткен

Оқиға орны. Фото: әлеуметтік желі / Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде жараланып жолда жатқан ер адамның суреті пайда болды. Оның қасында екі әйел адам болған. Оқиға Алматы облысында болған деп хабарланды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, 14 мамыр күні Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылдық ауруханасына көптеген пышақ жарақатымен 1985 жылы туған ер адам түскен. Ол Жамбыл ауданының тұрғыны болып шықты.

"Алдын ала болжам бойынша, "Алматы-Сарыөзек" тас жолының 159-шақырымында Қарашоқы ауылының маңында зардап шеккен ер адамға шабуыл жасалған, содан кейін шабуылдаушы жәбірленушінің көлігіне отырып, оқиға орнынан ізін суытқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында Сарыөзек ауылына жақын жерде іздеу салынған автокөлік табылды. Оның алдыңғы дөңгелегі жарылған.
Қазіргі уақытта қылмыскерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", – деп хабардар еттіі Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда жеңіл көлік жаяу жүргіншілер көпіріне соғылғаны туралы жазған едік. Бір адам ауыр халде жатыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында ер адамды пышақтап, жолға тастап, көлігін мініп кеткен