Выйти
RU

Алматыда жаңа инфекциялық аурухана салынбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада 700 орынға арналған жаңа инфекциялық госпиталь салынуы мүмкін. Бұл туралы қалалық Қоғамдық кеңестің онлайн жиналысы кезінде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматыда жаңа инфекциялық аурухана салынады

Фото: NUR.KZ

"Бізде 2 инфекциялық стационар жұмыс істеп тұр. Алайда екеуінде де инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес желдету жүйесі толық жұмыс істемейді. Осыған байланысты қазір қала әкімдігі мен қала әкімінің жеке өзінің тарапынан барлық талаптарға сай келетін 700 орындық жаңа госпиталь салу туралы шара қабылданып жатыр. Бұл сауал мемлекет басшысының Алматыға сапары барысында көтерілді. Аталған сауал кезең-кезеңімен шешімін табатын болады", – деді қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Басқарма басшысы кеңес барысында бұған дейін салынған ауруханалардың барлығы дерлік талаптарға сай емес екенін ашық айтты.

Айта кету керек, 24 сәуірде Алматыда коронавирус жұқтырғандарды емдеуге арналған модульді аурухана ашылды.

Аумағы 5850 шаршы метрді құрайтын клиника құрылысына 15 күн ғана кеткен. Медициналық мекеме қала әкімдігінің иелігіне берілді. Жаңа госпиталь бір мезетте 280 адамды қабылдай алады. Қарқынды терапия бөліміне 28 орын бөлінген. Мұнда 28 өкпені желдету аппараты бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жаңа инфекциялық аурухана салынбақ