Выйти
RU

Қадыр түнін мешітте қарсы алуға бола ма: Діни басқарма жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

18 мамырдан бастап қазақстандықтарға мешітке кіруге рұқсат беріледі. Соған қатысты халық арасында Қадыр түнін мешітте қарсы алу туралы сұрақтар туындай бастаған. Алайда діни басқарма тұрғындарға Қадыр түнін үйде қарсы алуға кеңес беріп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

18 мамырдан бастап елдегі мешіттер барлық санитарлық норманы сақтай отырып ашылады. Жалпы алаңның 30%-ін толтыруға рұқсат берілген.

"Біздің имамдар күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Келушілерді кезең-кезеңмен кіргіземіз. Мысалы, Құран оқуға арналған бөлмеде бір мезгілде оннан артық адам болмауы керек. Жалпы залға имамдар адамдарды топ-тобымен кіргізетін болады",– деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Мешіттердің есігі жеке дұға жасау үшін, Құран оқу және діни неке рәсімін өткізу үшін ашылмақ.

Ал биыл мамырдың 19-нан 20-сына сәйкес келген Қадір түнін мамандар үйде өткізуге кеңес берді.

"Жыл сайын Қадыр түнінде мешітте адам көп жиналады. Ал биыл Қадыр түнін үйде өткізуді ұсынамыз", – деді ҚМДБ.

Сонымен қатар бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауих намазы әзірге мешітте оқылмайды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Неке қию рәсіміне шариғатқа сәйкес, жас жұбайлармен бірге куәгерлері ғана қатыса алады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қадыр түнін мешітте қарсы алуға бола ма: Діни басқарма жауап берді