Выйти
RU

"Теңізде" 384 адам вирус жұқтырған: Ералы Тоғжанов Атырау өңіріне барды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Асқар Маминнің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған Үкімет делегациясы жұмыс сапарымен Атырау облысына барды. Жұмыс сапары барысында вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, «Теңіз» кенішіндегі жұмысшыларды шығару мен Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру мәселелеріне қатысты кеңес өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Теңіздегі" ахуал: Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы Атырау өңіріне барды

Ералы Тоғжанов. Фото: web.telegram.org/@kkkbtu

Премьер-министрдің орынбасары елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру өсімі 2-3% деңгейінде екенін және көрсеткіштің төмендеуі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қабылданған нақты шаралардың нәтижесі екенін атап өтті.   

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің сөзінше, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақты емес.

Қазіргі кезде өңірде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 458 адам тіркелген. Олардың 127-сі емделіп шығыпы.

Ал «Теңіз» кенішінің 384 жұмысшысынан аталған вирус анықталған. Бұл азаматтар 20 жатақханада тұратын 33 мекеменің қызметкерлері. 

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, «Теңіз» кенішінде карантиндік талаптар жеткілікті деңгейде сақталмай отыр. Сондықтан, ол «Теңізшевройл» компаниясының мердігер және субмердігер компаниялары басшыларының жауапкершілігін арттыруға шақырды. 
"Теңіздегі" ахуал: Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы Атырау өңіріне барды

Фото: primeminister.kz

Қазіргі кезде «Теңіз» кенішінен 17 мың адам өздерінің тұрғылықты мекенжайларына жеткізілген. 

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

Сондай-ақ, кеңес барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын өңірде жүзеге асыру барысы қаралды.

  • Үкімет биыл 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Атырау облысында бұл бағдарлама шеңберінде 63 жоба жүзеге асырылып, 7 мың жұмыс орны ашылады. Оған республикалық бюджеттен 35 млрд 308 млн теңге бөлініп отыр. 

Отырысты қорытындылаған Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық ахуалды бақылауда ұстауды тапсырып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын тиімді жүзеге асыру және жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Теңізде" 384 адам вирус жұқтырған: Ералы Тоғжанов Атырау өңіріне барды