Выйти
RU

1,5 мыңнан аса жәбірленуші мен 16 күдікті: Арыстағы оқиғаға қатысты сот басталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен жылдың жазында елді дүр сілкіндірген Арыстағы жарылысқа қатысты күдікті деп танылған әскерилер сот алдында жауап беруде. Айыпталушылар саны – 16. Қазірдің өзінде жылдың ең маңызды процесі атанған Шымкент гарнизоны әскери сотындағы істе жәбірленушілердің саны мың жарым адамнан асады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап. 

1,5 мыңнан аса жәбірленуші мен 16 күдікті: Арыстағы оқиғаға қатысты сот басталды

Фото: Әлеуметтік желіден, видедан алынған кадрлар

Күдікке ілінген әскерилердің барлығы Арыстағы жарылысқа дейін шенді лауазымда қызмет атқарған. Мәселен, бұл істе № 44859 әскери бөлімінің командирі мен оның артиллериялық оқ-дәрі орналасқан қоймаға жетекшілік еткен орынбасары бар.

Екі офицерге Қылмыстық кодекстің «Жарылғыш заттарды қолдану ережелерін бұзу» және «Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелу» бабымен іс қозғалған.

Айта кетерлігі, елдің назарындағы шулы іс 400 томнан асып кеткен. Соған қарағанда, сот процесі ұзаққа созылады деп күтілуде.

Дереккөз: КТК арнасы

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласындағы әскери қоймада жарылыс орын алды.

Зәресі ұшқан тұрғындар қаланы тастап, жан сауғалау үшін әр жаққа кетуге мәжбүр болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
1,5 мыңнан аса жәбірленуші мен 16 күдікті: Арыстағы оқиғаға қатысты сот басталды
Mailfire view pixel