Выйти
RU

Дүниежүзі бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 300 мыңнан асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 300 мыңнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дүниежүзі бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 300 мыңнан асты

Фото: NUR.KZ

Әлемдегі коронавирус жағдайы туралы соңғы деректерді Worldometers онлайн дайджест жариялады.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, 15 мамыр таңда коронавирус ауруы басталған сәттен қайтыс болғандар саны 302 мыңнан асқан. Вирус жұқтырғандардың саны да артта түскен. Желтоқсанның ортасынан бастап бүгінге дейін 4,5 млн-нан астам коронавирус дерегі тіркелген.

Өлім-жітім саны бойынша әдеттегідей АҚШ көш бастап тұр. Мұнда COVID-19 диагнозымен 86 мыңнан аса адам қайтыс болған.

Көз жұмғандар саны бойынша екінші және үшінші орындарда Ұлыбритания мен Италия тұр, сәйкесінше жұқпалы аурудан 33 мың және 31 мың адам ажал құшқан.

Көрші Ресейде де ауру жұқтыру мен өлім-жітім саны артып келе жатқанын атап өткен жөн. Елде 250 мыңнан аса адамнан коронавирус анықталып, қауіпті індеттен 2,3 мың ресейлік қайтыс болған.

Қазақстанда наурыз айының басынан бастап осы уақытқа дейін COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5,5 мыңнан аса адам тіркелген. 32 отандасымыз инфекцияның құрбаны болды. Ауруды жеңе алған адамдардың саны да өсуде.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Жалпы әлем бойынша шамамен 1,7 миллион адам коронавирустан жазылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дүниежүзі бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 300 мыңнан асты