Выйти
RU

Хабиб Нурмагомедовтің әкесі есін жиды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін комаға түскені хабарланған UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың әкесі есін жиған. Дәрігерлер Абдулманап Нурмагомедовтың жағдайын бірқалыпты ауыр деп бағалап отыр. Бұл туралы отбасының досы, спорт комментаторы Рамазан Рабаданов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Телеканал 360-қа сілтеме жасап.

Абдулманап Нурмагомедов комадан шықты

Видеодағы кадр: "Спорт-Экспресс" Youtube арнасы

"Ол бүгін есін жиды. Әлі сөйлеген жоқ. Кеше жүрегіне ота жасалғаннан кейін де комада болған еді", – дейді Рамазан Рабаданов.

Рабадановтың айтуынша, Абдулманап Нурмагомедов қазір мәскеулік әскери госпиталінде жатыр. Оған ешкімді кіргізбейді екен. Дәрігерлер жағдайды толығымен бақылап, науқастың жағдайын қадағалап отыр.

Сондай-ақ, спорт комментаторының сөзінше, Абдулманап Нурмагомедов Махачкала маңындағы спорт базасының құрылыс алаңында екі апта жүріп, суық тигізіп алған. Үйге оралғанда, дәрігерлерге хабарласпаған екен.

"Ағасы оған: "Бар, дәрігер шақыр", – деген. Шақырмаған. Тек денсаулығы сыр бере бастағанда ғана ақ халаттылардың көмегіне жүгінген. Сөйтіп, оны екінші қалалық ауруханаға апарған, онда қарқынды ем алды", – дейді Рамазан Рабаданов.

Оның айтуынша, бұл жерде Нурмагомедовқа оттегі жетіспегенде көмектесетін дәрі-дәрмек берілген, бірақ бұл дәрілер басқа да ішкі ағзаға кері әсер ететін көрінеді.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Осыдан кейін жедел жәрдем ұшағы оны мәскеулік әскери госпитальге жеткізген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Хабиб Нурмагомедовтің әкесі есін жиды