Выйти
RU

ДДСҰ: COVID-19 ешқашан жойылмауы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшілері коронавирустың жаңа түрі "ешқашан жоғалмауы мүмкін" және СПИД ауруын тудыратын HIV сияқты тұрақты түрде кездесетін вирусқа айналуы ықтимал дейді. ДДСҰ ұйымының төтенше жағдай жөніндегі директоры Майкл Райан осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

ДДСҰ: COVID-19 "ешқашан жоғалмауы мүмкін"

Көрнекі фото: pixabay.com

“Мұны бірден ашып айтқан дұрыс: Бұл вирус өзге жұқпалы вирустар сияқты тұрақты вирусқа айналуы мүмкін, ешқашан жойылмауы мүмкін” , - дейді Райан онлайн брифингте.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина шығарылған күннің өзінде вирусты тежеу үшін көп күш-жігер қажет болады.

Ал соңғы деректерге сәйкес, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 4,5 млн-нан, көз жұмғандар саны 300 мыңнан асқан.

Індеттің қайта өршу қаупіне қарамастан Еуроодақ біртіндеп шекараларын ашуға талпынып жатыр. Еуропаның басым бөлігінде аурудың беті қайтқанмен әлемнің өзге бөлігінде індеттің өршуі байқалады.

Бразилия мен Ресейде коронавирус жұқтырғандар көбейген. Қытай індеттің екінші толқынынан қауіптеніп отыр. АҚШ-та денсаулық сақтау саласы мамандарының ескертуіне қарамастан губернаторлардың жартысынан көбі штат шекараларын ашқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДДСҰ: COVID-19 ешқашан жойылмауы мүмкін
Mailfire view pixel