Выйти
RU

Перуде 90-ға жуық полицей мен әскери қызметкер коронавирустан қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Перуде 90-ға жуық полицей мен әскери қызметкер коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы елдің қорғаныс және ішкі істер министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Перуде 90-ға жуық полицей мен әскери қызметші коронавирустан қайтыс болды

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қазіргі уақытта Перу Ұлттық полициясының 4098 қызметкерінің коронавирусқа тапсырған талдмасы оң нәтиже көрсетті, 82 адам бұл аурудан қайтыс болды", - дейді ішкі істер министрі Гастон Родригес.

Әскери қызметкерлер арасында 1172 адам вирус жұқтырған, жетеуі қайтыс болған деп хабарлайды қорғаныс министрі Уолтр Мартос.

Жалпы Перуде коронавирус жұқтырудың 76306 дерегі тіркелген. 24324 адам жазылып, 2169 адам қайтыс болған.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрі "ешқашан жоғалмауы мүмкін" және СПИД ауруын тудыратын HIV сияқты тұрақты түрде кездесетін вирусқа айналуы ықтимал екенін айтқан еді.

“Мұны бірден ашып айтқан дұрыс: Бұл вирус өзге жұқпалы вирустар сияқты тұрақты вирусқа айналуы мүмкін, ешқашан жойылмауы мүмкін” , - дейді ДДСҰ ұйымының төтенше жағдай жөніндегі директоры Райан.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина шығарылған күннің өзінде вирусты тежеу үшін көп күш-жігер қажет болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Перуде 90-ға жуық полицей мен әскери қызметкер коронавирустан қайтыс болды