RU

Қазақстандық жұлдызды фотограф Вагиф Майлов қайтыс болды

Танымал қазақстандық фотограф Вагиф Майлов қайтыс болды. Отандық шоу-бизнес жұлдыздарына қайталанбас фотосессиялар жасаған маман 41 жасында өмірден өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/vaga_art. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/vaga_art. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Белгілі болғандай, Вагиф Майлов қатерлі ісік дертінен көз жұмған. Бұл ақпаратты оның әріптестері растады.

Қаралы хабарды алғашқылардың бірі болып, әнші Мадина Сәдуақасова жеткізген. Ол Instagram желісінде сүйікті фотографына жазба арнап, оның отбасы мен туыстарына көңіл айтқан.

"Бүгін аса дарынды фотограф, ақкөңіл әрі жарқын жүзді адам, менің досым Вагиф Майлов өмірден өтті. Ол бізге дәл осылай, жанымызға үңілгісі келгендей мұқият қарап тұрушы еді. Мүмкін оның суреттері әрдайым шынайы, әдемә және аса ерекше болып шығуының себебі де осы шығар. Ол бұл өмірді, адамдарды, өз жұмысын сондай жақсы көрді. Ваганың анасына, жақындарына және жұбайына көңіл айтамын. Жатқан жерің жайлы болсын данышпан" , - деп жазды өнер иесі.

Дильназ Ахмадиева да жұлдызды фотографпен аса жақын араласқан. Оның қазасы туралы жаңалық шоу-бизнес өкіліне аса ауыр тиген.

"Вага, сенімен қоштаса алмадым, кешірші. Жатқан жерің жайлы болсын. Мен менің есімде өмірге деген сүйіспеншілігі мол, аса шебер, көңілді адам болып қаласың. Біз сені ұмытпаймыз, мәңгі жадымыздасың" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, Вагиф Майлов Қазақстанда үздік фотографтар қатарына кірген. Ол түрлі сән үйлері, беделді басылымдар мен аса танымал тұлғаламен жұмыс істеген. Вагиф әрдайым қайталанбас ерекше фотосессияларымен танымал. Ол өз жұмыстарымен Instagram парақшасында бөлісіп тұратын.

Оған ТМД мен Еуропа елдерінен де тапсырыстар жиі түсіп тұратын. Сонымен қатар, Майловтың фотограф жұмысының қыр-сырларын үйрететін өз өнер мектебі болған.

KAZ.NUR.KZ редакциясы Вагиф Майловтың жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1855882-kazakstandyk-zldyzdy-fotograf-vagif-majlov-kajtys-boldy.html