Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бойы 72 сантиметр": Әлемдегі ең кішкентай адамның есімі белгілі болды (фото)

Опубликовано:

Бойы 72 сантиметр колумбиялық Эдвард Ниньо Эрнандес әлемдегі бойы ең қысқа адам ретінде Гиннесстің рекордтар кітабының сертификатына ие болды. Колумбиялық өзін бойы кіші болса да, жүрегі кең адам санайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Сегодня сайтына сілтеме жасап.

Әлемдегі ең кішкентай адамның фотосы көрсетілді
Эдвард Ниньо Эрнандес. Фото: lenta.ua: UGC
"Әлемдегі ең кіші адам Гиннестің рекордтар кітабындағы титулын қайтарып алды. Бұл Эдвард алғаш рет осы атаққа қол жеткізген сәттен кейін, 10 жылдан соң орын алып тұр. 34 жастағы колумбиялық Эдвард Ниньо Эрнандестің бойы бар-жоғы 72,1 сантиметр", – делінген хабарламада.

Эдвард Ниньо Эрнандеске планетадағы ең кішкентай адам атағы алғаш рет 2010 жылы берілді. Алайда көп ұзамай бұл атаққа Непалдың тұрғыны Хагендра Тапа Магар ие болды, оның бойы небары 66 сантиметрды құраған.

Содан кейін рекорд иесі бойы 54 см болатын непалдық Чандра Баадур Данг болды. 2015 жылы ол қайтыс болды, ал атақ Хагендраға қайта оралды, ол өз кезегінде 2020 жылдың қаңтарында көз жұмған. Осылайша, рекорд қайтадан Эрнандеске тиесілі болып отыр.

"Мен қалағанымның бәріне қол жеткізе аламын. Бәрі де мүмкін. Өлшем мен бой маңызды емес!", – дейді рекордшы.
Әлемдегі ең кішкентай адамның фотосы көрсетілді
Фото: Guinness World Record: UGC

Еске сала кетсек, бұған дейін 90 жастағы геймер әжей Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1855891-bojy-72-santimetr-lemdegi-e-kiskentaj-adamny-esimi-belgili-boldy-foto/

pixel