Выйти
RU

"Моншаларды ашыңыздар": Тұрсынбек Қабатов карантиндегі жанайқайын жеткізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов карантин уақытында моншаға түсе алмай қиналған жұртшылықтың жанайқайын жеткізді. 60 күн бойы үйінде жатқан өнер иесі биліктен моншаларды ашуын сұрады. КВН жұлдызы ол жерде де қауіпсіздік шараларын сақтап, маскамен жүруге дайын екенін де айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kabatov_tursinbek_resmi/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/kabatov_tursinbek_resmi/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тұрсынбек Қабатов моншада өзге адамдармен арақашықтықты сақтап, бір-бірінің арқасын ыспауға уәде берді. Әзілкеш ерекше үндеуін Instagram парақшасында жариялап қойған.

"Бүгін үйде отырғанымызға тура екі ай, 60 күн болыпты. Алпыс күннен асты. Бірақ, ешкім сұрамайды екен "Моншаға түспейсіздер ма?" деп. Бұл халықтың көкейінде жүрген сұрақ. Моншаны ашыңыздар енді. Тәртіпті сақтаймыз, арамызды екі метр ұстаймыз, бір-біріміздің арқамызды ыспаймыз, маскамен жүреміз" , - деді Тұрсынбек Қабатов видеосында.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатов карантин уақытында елордалық мұқтаж 200 адамға ауызашар берген болатын. Әзілкеш тамақты арнайы олардың үйлеріне дейін жеткізген.

Сонымен қатар, оның жанұясы қолдан маска тігіп, оны көмекке зәру жандарға тегін түрде таратқан еді.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Моншаларды ашыңыздар": Тұрсынбек Қабатов карантиндегі жанайқайын жеткізді
Mailfire view pixel