Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тақырбас" болып қалған Нұрлан Еспанов желіні шулатты (фото)

Опубликовано:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Нұрлан Еспанов тақырбас болып тұрған фотосын жариялап, желіде қызу талқы тудырды. Көптеген тыңдарманға хит әндерімен қатар, ерекше шаш үлгісімен танылған өнер иесінің бұл өзгерісі халықты екіге бөлді. Бірі әншінің жаңа образын қолдаса, енді бірі мүлдем түбейгейлі қарсы шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/espanov_n
Фото: Instagram/espanov_n: Instagram

Нұрлан Еспанов Instagram парақшасында тақырбас болып қалған суретімен бөлісіп, жанкүйерлерін қатты таңғалдырған. Шоу-бизнес жұлдызы олардан жаңа образына баға беруін сұрады.

Желі қолданушыларының біріне оның тақырбас күйі ұнаса, басқаларының көңілінен мүлдем шықпаған. Ал кейбір оқырмандар тіптен, әнші шын мәнінде басын тақырламаған деп топшылады.

"Жараспайды, желбір шашы әлдеқайда жақсы" , "Халыққа желбір шашымен танылғандықтан сол образы бізге ыстық еді" , "Карантинде бәрі тақырлап кетті ғой" , "Сізге бәрі жарасады", "Керемет, өзгеріс те керек" , "Образды жаңартып та тұрған дұрыс" , "Негізі басын тақырламаған" , "Шашы алынбаған маска сияқты" , - деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан Еспановтың ұлы өзге ұлт қызымен көңіл жарастырғысы келгені белгілі болды. Алайда, жұлдызды әке перзентінің таңдауына қарсы шығып, оған өз рұқсатын бермеген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Instagram парақшамыздан оқыңыздар>>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1855907-takyrbas-bolyp-kalgan-nrlan-espanov-zelini-sulatty-foto/

pixel